Вторник
07.05.2024
18.00.01
Қош қелдіңіз Гость
RSS
 
Қазақстан   музыканттары
Қазақстандағы №1 ұстаздар сайты
Главная Регистрация Вход
Үлгі алыңыз »
Менің сайт мәзірім


Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0









"...Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі"...
  
Қүрметті ұстаздар, әріптестер!
"Ұстаздық еткен жалық пас үйретуден балаға"- деп Абай атамыз айтқандай, жалықпай бала оқытып жүрсіздер. Мұғалім еңбегі үнемі бағаланып отырса, дәріптеліп отырса жұмысы жандана түсетініне сенімдімін. Сол мақсатта мен бұл сайтымда арнайы бет аштым. Мұнда бала оқыту  үшін, интернет беттерінде талмай ізденіп, сол ізденістің нәтижесінде орасан зор нәтижелер беріп жүрген әріптес ұстаздарды дәріптегім келеді. Оларға біздің айтар алғысымыз шексіз.
Олай болса танысыңыздар:



Байназарова Жанар Алкеновна
Туған күні:1975-03-12
Жұмыс орны: Танамырза орта мектебі КММ
Лауазымы: Музыка пәні мұғалімі, қосымша білім беру педагогі
Облысы: Шығыс-Қазақстан облысы
Мекен-жайы: Тарбағатай ауданы,Танамырза ауылы
Педагогикалық өтілі: 5
Педагогикалық өмірбаяны:
Байназарова Жанар Алкеновна 1975 жылы 12 наурызда бұрынғы Семей облысы ,Ақсуат ауданында дүниеге келген.1982 жылы Комсомол орта мектебінің 1 сыныбына қабылданды.1988-1990 жылдары Чапаев орталау мектебінде оқыған.1992 жылы Комсомол орта мектебін бітірген. 2005 жылы Шәкерім атындағы Семей педагогикалық институтының музыка факультетіне оқуғат үсіп, 2010 жылы бітіріп шыққан. Мамандығы музыка пәні мұғалімі. 2011 жылдан Танамырза орта мектебінде музыка пәні мұғалімі және 2012 жылдан бастап қосымша білім беру педагогі қызметін қоса атқаруда. Жанұясы, 4 баласы бар
Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сайыстар:
Қосымшабілім беру орталығының мақтау қағазы-2014,Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазы-2015,Мектеп әкімшілігінің мақтау қағазы-2015,Ауылдық округ әкімінің мақтау қағазы-2014 ,Аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазы -2016  жылдар.Сабақтары,мақалалары және баяндамалары ғаламтор бетерінде жарияланған
Жұмысыңыз табысты болсын Жанар!




Айтмұқашева Бақытгүл Қанағатқызы
Жұмысорны: «Шекарашы»  орта мектебі КММ
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі,
Облысы: Шығыс Қазақстан облысы
Мекен-жайы: Зайсан  ауданы,Жалши  ауылы
Педагогикалық өтілі: 33 жыл
Санаты: Бірінші санатты
Педагогикалықөмірбаяны:
Айтмұқашква Бақытгүл Қанағатқызы 1963 жылы  Тарбағатай ауданының Шілікті ауылында дүниеге келген.1980 жылы «Пограничник» орта мектебін бітіріп.1980-1983 жылдары Өскемен қаласындағы педагогикалық училищені оқып бітірген.1983-1984 жылынын бастап өзі оқыған «Пограничник» кейіннен «Шекарашы» орта мектебінде үздіксіз қызмет етіп келеді. Көптеген-көптеген талантты шәкірт тәрбиелеп, оларды өмір жолына салған ұлағатты ұстаз.
Бақытгүл Айтмұқашқызы өте ізденіспен жұмыс жасайтын ұстаздарымыздың бірі. Олай болса жұмысыңыз табысты, денсаулығыңыз мықты болсын дегіміз келеді.




Жексембаев Болат Жұманұлы
Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Жұмыс орны: Қаспан ауылы Қаспан орта мектебі шағын орталығымен КММ.
Мамандығы: Музыка пәні мұғалімі
Жексембаев Болат Жұманұлы көп жылғы іс-тәжірибесі бар кәсіпқой маман. Өз жұмысының нағыз білгірі деуге болатын музыкант. Болат шәкірт тәрбиесіндегі білімін жетілдіру мақсатында үнемі Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әріптестерімен тәжірибе алмасып тұрады. Атап айтқанда Болаттың музыка сабағын өткізудегі өзіндік тәсілдерін, өзге ұстаздар өте жақсы деп бағалап, өз тәжірибелеріне қосты. Алдағы уақыттада Болатқа шығармашылық табыс тілейміз!



         
Сафина Лиза Куантаевнаның жетістіктері                                                                                                                                         
Ақтөбе қаласы
Жұмыс орны: № 53 орта мектеп
Мамандығы: Музыка пәнінің мұғалімі
Жұмыс өтілі: 16 жыл
Лиза қуантайқызы, Ақтөбе қаласындағы білікті жас мамандардың бірі. Жаста болса қазіргі кездегі танымал ұстаздардың бірі. Оның танымал болуына, интернет беттеріндегі мақалалары, сабақ жоспарлары, т.б. жұмыстары дәлел. Лиза Қуантайқызының жетістіктері өте көп.  Сізге әлі биік белестер бағындыруыңызға тілектеспіз.


 
Сайтқа кіру

Іздеу