Понедельник
20.05.2024
01.55.41
Қош қелдіңіз Гость
RSS
 
Қазақстан   музыканттары
Қазақстандағы №1 ұстаздар сайты
Главная Регистрация Вход
Каталог файлов »
Менің сайт мәзірім

Категории раздела
Мои файлы [3]


Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0







Главная » Файлы » Мои файлы

География
[ Скачать с сервера (18.2 Kb) ] 05.03.2016, 08.07.41
Алматы облысы Кербұлақ ауданы
«Қаспан орта мектебі шағын орталығымен» КММ
Ойын сабағы «Жұлдызды сағат»
Тақырыбы: «Шетелдік Азия мемлекеттері»
( 11 сынып )
Изахунов Алимжан Ясынұлы
Тақырыбы. Шетелдік Азия мемлекеттері.
Мақсаты. Шетелдік Азия мемлекеттері туралы оқушылардың білімін қайталау және бекіту. Таным қабілеттерін дамыту және қалыптастыру. География пәніне қызығушылықтарын көтеру.
Құрал-жабдықтар. Тақтадағы плакатта мемлекеттердің аты жазылған және нөмірленген, оқушылардың алдында таза кесте карталары, қағаз, қарындаш, нөмірленген карточкалар (1-ден 8-дейін), қызыл түсті карточкалар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып төрт сайс тобына бөлінеді, әр қайсысы бөлек стөлде отырады.
Ойын жоспары:
1. Мұғалімнің сөзі.
2. І тур.
3. ІІ тур.
4. ІІІ тур.
5. Қорытынды.
ІІ. І тур.
Тақтада мемлекеттер: Қытай, Жапония, Индонезия, Филиппин, Үндістан, Ауғанстан т.б. атымен плакат ілініп тұр.
Тапсырма: мұғалімнің суреттеу бойынша, мемлекетті танып, плакаттағы мемлекеттің нөмірімен сәйкес келетін карточканы көтеру керек. Егер де сипаттама еш бір мемлекетке ұқсамаса, қызыл карточканы көтеріп, түсініктемесін айтады.
1. Бұл мемлекетті «Күншығыс елі» деп атайды. УІ ғ. Буддизм дінін қабылда-ған. 75 территориясы таулы жерлер. Жер сілкініуі жиі болып тұрады. Табиғи ресурстарына өте кедей, бірақ дүние жүзінде ауыл шаруашылығының және саясаттың орталағы болып саналады. (Жапония).
2. Цивилизация бұл елге біздің дәуірімізден 3 мың ғасыр бұрын келген. Бір-неше түрі және қорлары мол пайдалы қазбалары бар. Темір және марганец ру-далардың қорлары өте мол. Ірі қара бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады. (Үндістан).
3. Бұл мемлекет түбекте орналасқан. Этникалық құрылымы бір қалыпты: тұр-ғындары көбінесе жергілікті халық. Соңғы он жылда экономика қарқынының өсуі өте жоғары болды – дүние жүзінде ең жоғарлы болып саналады. Машина жасау, кеме жасау, электроника және электротехника өндеу, тоқыма, тағамдық өнеркәсіптердің негізгі салалары. Ауыл шаруашылық негізгі дақылдары: күріш, арпа, батат, соя т.б. (О.Корея).
4. Жер көлемі бойынша бұл шағын елдердің қатарына жатады. Территория-сының көп бөлігі – шөлді жазықтар. Негізгі табиғи ресурстары: мұнай, газ. Мемлекеттің құрылымы – конституциялық монархия, басшыс әмір. Темір жолы мүлдем жоқ. (Кувейт).
Дұрыс жауап беріп, карточкасын көтерген топ, балл алады.
ІІ тур.
Әр сайыс тобы мемлекеттер тобы жазылған қағаз алады.
Тапсырма: Мемлекеттерді топқа біріктіріп принципін анықтаңдар. Принцип-тер бірнеше болуы мүмкін, соны анықтаған үшін сайыс топтары қосымша бал-дар алады.
1. Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур (Азия барыстары).
2. Индонезия, Иран, Ирак, Кувейт, Катар, БАЭ, Сауд Арабиясы (ОПЕК).
3. Камбоджа, Лаос, Непал, Бутан, Йемен (нашар дамыған елдер).
4. Непал, Ауғанстан, Моңғолия, Бутан, Лаос (теңізге шығатын жолдары жоқ).
ІІІ тур.
«Жұмбақты елдер». Әр сайыс тобы әріптер салынған конверт алады. Әріптер-ден олар мемлекеттің атын құрастыру керек. Қай топ жұмысты тез орындаса, сол – бір балл жоғары алады.
ІУ тур.
Блиц-турнир «Мемлекетті тап».
1. Ислам, христиан діндерінің туған мемлекет (Сауд Арабиясы).
2. «Күншығыс елі» (Жапония).
3. Сиырды құрметтейтін ел (Үндістан).
4. 13 мың аралдағы ел (Индонезия).
5. Дүние жүзіндегі ең бай адам тұратын ел (Бруней).
6. Шай отаны (Қытай).
7. Дүние жүзіндегі халқы ең көп ел (Қытай).
8. Қала – мемлекет (Сингапур).
ІІІ. Қорытынды.
Қазылар алқасы қорытынды жасап, жеңген сайыс тобын марапаттайды.
Қаспан орта мектебі-шағын орталық ММ
КВН – сабағы
Африкаға саяхат
А.Я.Изахунов
КВН – сабағы
Африкаға саяхат
Сабақтың мақсаты: «Африка» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту.
Көрнекіліктер: Дүниежүзі физикалық карта, Африканың тақырыптық карталары; геологиялық пен пайдалы қазбалары, климаттық, табиғи зоналары, атластар, суреттер, бейнетаспа.
Сабақтың жоспары:
І. Жүргізүшінің сөзі
ІІ. Сайыс топтардың сәлемдесуі
ІІІ. Эрудит жарысы
ІУ. Негештер жарысы
У. Геологтар жарысы
УІ. Метереологтар жарысы
УІІ. Саяхатшылардың жарысы
УІІІ. Саз жарысы
ІХ. Сайыс топ басшыларының жарысы
Х. Үй тапсырмасы
ХІ. Қорытынды
І. Жүргізушінің сөзі.
Әрбір материк өздеріне тән қасиеттерімен ерекшелінеді. Австралия – ең құрғақ материк, Антактида – ең сұық, Еуразия – ең үлкен және өзінің түрлі табиғи жағдайымен болса, ал Африка – ең ыстық болып келеді. Африка басқа да материк сияқты өзінің табиғатымен, адамдарымен қайталанбайтын материк. Бұл континетте кен жазық жерлері көп, сондай-ақ жер бетіндегі ең жоғарғы температура, табиғи кешенінің әртүрлілігі, жер шарындағы ең үлкен шөл және ең көлемі үлкен ылғалды экваторлық орман массиві орналасқан. Қар жамылған тау шыңдары ұшы қиырсыз ыстық саваннаның үстінен қарап тұр. Африка материгінде төменгі белдеулердің сирек кездесетін жануарлары, құрғақтағы ең бір сүт қоректілер – піл, сусиыр, мүйізтұмсық, кериктер сақталған. Бұл ерекшелікті және де басқа қасиеттерін сіздерге «Пигмея» және «Виктория» деген екі топтар түсіндіріп береді. Сонымен, ортаға екі топ шақырылады.
ІІ. Сайыс топтардың сәлемдесуі. (3 бал).
ІІІ. Эрудиттер жарысы.
Әрбір эрудитке (әр топтан бір адам) 15 минутқа Африка тақырыбы бойынша кроссворд беріледі. ( 1 бал).
ІУ. Негіштер жарысы.
Әр топ бір-біріне «неге» деген сөзден басталатын үш сұрақтан қояды. Ойлануға 10 секунд беріледі. Сұрақтар әртүрлі болады.
Мысалы;
1. Неге Конго өзені Африкадағы ең сулы өзен болып саналады?
2. Неге Шығыс Африкада көл көп?
3. Неге Африкада қарғалар тұрмайды?
4. Неге Африка ең ыстық материк болып саналады?
5. Неге Африкадаклиматтық белдеулері екіден кездеседі?
6. Неге Африка материгі Африка деп атайды?
У. Геологтар жарысы.
Әр топқа тау жыныстардың үлгілері салынған конверт беріледі.
Мысалы;
1. алтын, 2. мұнай, 3. темір, 4. мыс, 5. мырыш.
1. хром, 2. тас көмір, 3. тұз, 4. марганец, 5. фосфор.
Тапсырма: тау жыныстарын атап беріңіздер – 4 бал.
УІ. Метереологтар жарысы.
«Пигмейлердің» сұрақтары:
1. Экваторға пассаттар – (бұл ылғалды) қалай әсер етеді?
2. Пассаттар – бұл ылғалды жел деген түсінік дұрыс па?
3. Неге пигмейлер бушмендермен, кафтарға қарағанда ақ түсті?
4. Африканың қай жерінде ең көп жауын-шашын түседі?
5. Африканың қай жерінде шілде айында ең жоғарғы температура байқалады?
«Викторияның» сұрақтары:
1. Егер де Африка шөлінде қантарға қарағанда шілде айында суықтау болса, бұл қандай шөл болады?
2. Экватор және Оңтүстік тропикте күн тас төбеде (зенит) тұрса, ауаның орташа температурасы 24 С дейі көтеріледі. Бірақ, Солтүстік тропикте күннің сондай жағдайында, орташа температура 32 С көрсетеді. Бұл жағдайды қалай түсідіруге болады?
3. Африкадағы ең құрғақ жер?
4. Африкада мұздықтар бар ма?
5. Тропикалық белдеуде қанша жауын-шашын түседі?
УІІ. Саяхатшылар жарысы.
Әр топқа конверт беріледі. Бір топқа – Д.Ливингстонның зерттеуі, екіншіге – В.Юнкердің зерттеуі туралы.
- Д.Ливингстонның зерттеген ауданы – Оңтүстік Африка;
- В.Юнкердың зерттеген ауданы – Шығыс Африка.
УІІІ. Саз жарысы.
Топ мүшелері кезекпен өленнің немесе тақпақтың Африка деген сөз бар (географиялық объект, өсімдіктер, жануарлар туралы) үзіндісін айтады.
ІХ. Топ басшылар жарысы.
Әр топ басшысына 10 сұрақтан қойылады, олар 10 сек (1 сұрақ – 1 сек) жауап беру керек.
І топтың сұрақтары;
1. Африка материгінің ең биік шыңы?
2. Ең үлкен табиғи зонасы?
3. Солтүстік Африканың ең үлкен мемлекеті?
4. Ніл өзені қай жерде басталады?
5. Калахари шөлінің өсімдік ерекшелігі?
6. «Атлас» деген не?
7. Экваторда Күн неше рет зенитте тұрады?
8. Ылғалдық экваторлық ормандағы ең биік ағаш?
9. Сахарадағы ең жоғарғы температура?
10. «Намиб» деген не?
ІІ топтың сұрақтары;
1. Виктория сарқырамасын кім ашты, қай жылы, қай жерде, оның биіктігі?
2. Африка қандай пайдалы қазбаларынан д/ж бірінші орын алады?
3. Қай өзен экваторды екі рет кесіп өтеді?
4. Африкада бір өзен бар, оның көлемі мезгілді жауын-шашынға байланысты, жаңбыр көп кезде, оның көлемі екі есе өседі. Ол қандай озен, қай жерде орналасқан?
5. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен Африкада орналасқан, ол қандай өзен?
6. «Берберлер» дегеніміз не?
7. «Окапи» деген не?
8. Африканың ең төмен нүктесі?
9. Африканың ең ылғал жері?
10. Африканың ең биік тауы, биіктігі?
Х. Үй тапсырмасы.
Африка халқының өмірінен көріністер көрсету. Көріністер (әртүрлі тақырыпқа) костюмде, гримде болып және күлкілі өту керек. Бұл Сахарадағы түйе керуені, немесе Пигмея үйінің құрылысы, Мумба-юмба тайпаларының таңертенгі тамағы т.б.
ХІ. Қорытынды.
Қазылар алқасы сайыс топтардың балдарын санап, жеңімпаз тобын анықтап, марапаттады.
Құрметті әріптес жүктеп алсаңыз міндетті түрде
пікір-комментарий жазып кетіңіз!
Категория: Мои файлы | Добавил: Dosik
Просмотров: 753 | Загрузок: 5 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
16.07.2016 06.49.44
0 \"\" \"\"
1
Өте жақсы материал! Қолдануға болады.
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру

Іздеу