Понедельник
20.05.2024
01.18.30
Қош қелдіңіз Гость
RSS
 
Қазақстан   музыканттары
Қазақстандағы №1 ұстаздар сайты
Главная Регистрация Вход
Каталог файлов »
Менің сайт мәзірім

Категории раздела
Мои файлы [3]


Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0







Главная » Файлы » Мои файлы

Музыка
[ Скачать с сервера (24.9 Kb) ] 16.07.2016, 07.24.04
төрт түлік туралы жырлар
Күні:17.04.15 Мұғалімі:Мағданова Ақсауле Айдарбекқызы
3 «б» сынып №3сабақ
Пәні: әдебиеттік оқу Жасы:8-9
Барлығы: оқушы
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Торы құлын. Сиыр.Қой.Ешкі
Сілтеме оқулық
Сабақтың мақсаты: Оқушылар түрт түліктердің түрлері мен танысып,оның пайдасын,ерекшелігін бір бірінен ажырата алады
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділігі: оқушыларға төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын молайту.
2.Дамытушылығы:Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелігі:Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиеже: Оқушылар түрт түліктің түрлерімен таныса отырып,оның пірімен,пайдасымен,дыбысталуымен танысады,біледі,ақпар жинайды
Тапсырмалар: «Нақты жауап айдары», «Кім жылдам?» Сөз жұмбақты шешу, «Ойлан,бірік,бөліс» «Екі жұлдық,бір тілек»,топтық жұмыс жүргізу.

Түйінді идеялар: Топтық жұмыс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алады
Кейінгі тапсырмалар: Жаттау,сурет салу,ақпар жинау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой – қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.интерактивті оқыту,сын тұрғысынна ойлау,ротация ,swot әдісі
Пайдаланылатын ресурстар: Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойынтүрлері
Сабақтың мұғалімнің жазба жұмыстары
Кезеңдер мақсаты Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Ұйымдас тыру Сәлемдесу.
Оқу құралдарын жинақтау,
Орнындарына отырғызу Сабаққа дайындалады
Психолгия лық дайындық Оқушылардың көңіл күйін көтеру Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз. Өлеңді жатқа айтады
Үй тапсырма
сын тексеру Үй тапсырмасын еске түсіру «Бесік жыры»өлеңін жатқа 1оқушыдан жатқа сұрайды Жатқа 1 оқушы айтады,мәнерлеп оқиды
Үй тапсырма сын бекіту Үй тапсырма сын қорыту үшін сұрақтар беріп,ойларын жинақтау,жылдамдыққа үйрету «Кім жылдам?»
Сұрақтарды тақтадан беріледі:
1)Өлеңде анасы баласын қалай жұбатады?
2)Бесіктің қандай пайдасы бар?
3)Анасы баласын кім болғанын қалайды?
4)»бесік жырын» қай уақытта айтады?
5)»көп қиыннан өтерсің» жолды қалай түсінесіңдер?
Сөз жұмбақты шешіп, тақырыптың атын табады. «Сөз жұмбақ»
Көбейту кестесін жатқа білетіндіктен мына өрнектердің мәнін тапсаңдар артында сөз жасырылған,соны табуларың керек.
Төрт түлікке нелер жатады?
Олар қандай жануарлар?
т ө р Т

т ү л і к
Жауаптарын табады
4 түліктің суретін таратады, сол сурет бойынша 4 топқа бөлінеді. 4 топқа бөледі 4 түліктің суреті бойынша 4 топқа бөлініп отырады.
А 3 қағазға тақтадағы берілген сұрақтар бойынша жауап жазады
Жаңа материалды түсіндіру Жаңа тақырыптың мақсатын ашу үшін сұрақтар береді. «Ойлан,бірік,бөліс»
Сұрақтар қою:
1)өздерінің тобыңдағы түліктің пайдасын жаз,одан не алынады,?
2)қалай дыбыстайды?
3)оның пірін ата?
4)оның төлін ата
5) оны қалай шақырады?
6)оның топ болып жайылуын қалай атайды?
7)одан алынатын тағам,сусындарды ата?
8) мақал жазу Малды шақыру
Түйені – «көс – көс»
Жылқыны – «құрау – құрау»
Сиырды – «ахау – ахау»
Қойды – « пұшайт – пұшайт»
Ешкіні «шөре – шөре» деп шақырады
Түліктің пірлері:
Жылқы иесі – Қамбар ата
Түйе иесі – Ойсыл қараша
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой атасы – Шопан ата
Ешкі иесі – Сексек ата деп аталады.
Мақал – мәтелдер
1.Түйе атасы – нар
2.Ат – адамның қанаты
3.Мал бақсаң – сиыр бақ,Сүт кетпейді шарадан
4.Мал өсірсең,қой өсір,Өнімі оның көл – көсір.5.Ешкілі қой өрлеген.
Миға шабуыл Суреттері бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы
өз топтарын қорғайды
Мағынаны тану Оқулықтан оқып,өлеңнің мағынасын ашып,түсінік сіз сөздермен жұмыс жасайды Оқулықпен жұмыс
1Тізбектеп оқу
2Мәнерлеп оқу
4 топтан оқушылар өз тақырыбына сай өлеңді мәнерлеп оқиды
Ой қозғау Әр топ өздерінің тобының атын қорғап , оқулықтан оқып отырып, кестені толтырады. қорғайды 1 - топ сендердің тапсырмаларың тақтада құлынның мүшелері баған түрінде жазылған, сендер теңеу сөздерді тауып тұсына жазасыңдар.
Алдарыңда кесте жатыр, сол кесте бойынша жұмыс жасайсыңдар.
2 - топ ал сендердің тапсырмаларың суретке қарай отырып, сиыр малын сипаттау
.»сәйкестендір» «сиыр»
Мүйізі...
Танауы...
Желіні
Күйі...
Тілі...
Түсі...



(айдай иілген, Найзадай
(көкке шүйірген )
(тырсиып сүтке толып тұр)
(ұзын, шөпті орып, күйзеп жеп тұр)
(семіз,күйлі,бүйірішығып ыңқылдап)
(ала,қарақасқа,қызылала)

3-топ:»қой»
Қой туралы әңгімелеп жазады
Жасы, Қойдың пайдасы
Еті ,Майы , Жүні ,Терісінен алынатын заттарды ата,қой туралы мақалдар,тыйым сөздер
4 топ:»ешкі»
Семантикалық карта
аты бұзау лақ маңырайды бұзау Қамбар ата құлын қымыз
Қой
Ешкі
сиыр

Жыл қы
1 Топ: «Ойлап тап!» «құлын»
Мойны
Төбелі
Жүні
Жалы
Саны
Көзі
Құйрығы
Өзі
Ерні
Даусы
басы
3топ:Қойдыңатаулары:қозы→марқа→тоқты→тұсақ→саулық.
Еті --------------- Майы ------------ Жүні -----------
Жұмсақ ------- Емдікке -------- Текемет -------терісі....Былғары
Тыйым сөздер.
* Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды, жүнге орап береді.
* Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
* Мал айдап келе жатқан адамға "айдар көбейсін" дейді, ал малшыға "бағар көбейсін" дейді
* Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
* Мал сүйегін пешке салма.
* Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
* Ақты төкпе,Малды теппе
* Малға теріс мінбе.* Малдың басынан ұрма
Мақал – мәтел мәйегі:
1. Мал өсірсең қой өсір,Өнімі оның көл көсір
2. Малды баға биі, бабын таба біл
Ой түйіндеу. Жаңа сабақты бекіту «Нақты жауап айдары»
«Жайлау композициясы»
Жусаны мен жуасы бұрқыраған,
Өрісінде 4 – түлігі шұрқыраған - демекші, балалар мына жазиралы кең жайлауымызға не жетпей тұр? (киіз үй, малдар, гүл, біз)
Жұмбақ
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
Екі айнасы бар,Екі найзасы бар (Сиыр)
Қамыс құлақ,Тостаған тұяқ
Сүті дәрі,Еті тамақ (Жылқы)
Басында таяғы бар ,Төрт аяғы бар
Екі құлағы ба,Иегінде сақалы бар(Ешкі) Жайлаудың суретіне қолдарындағы түліктің
Суреті арқылы түлік туралы бүгінгі сабақтан не түсінгенін 1 сөйлеммен айтады және суретті жапсырады
Жұмбақтың шешуін табады:

Сабақты бағалау Бүгінгі сабақты қалай өткенін және оны бағалайды Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу
«Екі жұлдық,бір тілек» Сабақтың қалай өткенін,өз тілегі мен ұсынысын айтады
Стикерге толтырып сабақтан алған әсерлерін жазып оқиды. Рефлексия
Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны ...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені .
Кейінгі оқу Жаттау.төрт түлік туралы мәлімет жинау
Оқушыны бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау
 
Категория: Мои файлы | Добавил: Dosik
Просмотров: 704 | Загрузок: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру

Іздеу